Otoclean® Иттер мен мысықтарға арналған құлақ тазартқыш

Құлақ лосьоны
  • Өндіруші:

    Ecuphar, Бельгия
  • Өнім түрі:

    Құлақ лосьоны
  • Жануарлар түрлері:

    Мысықтар, иттер

Характеристики и описание

Описание

Құрамында кератолитикалық, церуминолитикалық (құлықты ерітетін), жұмсартқыш, тазартқыш және ылғалдандырғыш компоненттер бар. Бұл өнім иттер мен мысықтардың сыртқы құлақ жолын күтіп ұстау мен гигиенасына, сондай-ақ құлақтың ластануы, құлық және құлақтан бөлінітін заттардың жиналмауын алдын-алуға таптырмас құрал.

Құрамы: Салицил қышқылы 2,32 мг/мл, пропиленгликоль, полиэтиленгликоль, этоксидигликоль, тазартылған су, глицерин, сүт қышқылы, олеин қышқылы, өсімдік сығындылары.

Қолдану тәсілі: Пластик қақпақты бұрап, ампуланы ашыңыз. OTOCLEAN препаратын жануардың денесінің өлшеміне қарай жеткілікті мөлшерде әрбір құлағына құйыңыз: ірі жануарларға: әр құлаққа 1 ампуладан (5 мл); ұсақ және орташа жануарларға: бір ампуланы жануардың екі құлағына бөліп құю керек. Құлақ қалқанының жоғарғы шетінен ұстап, жағдайға байланысты ампуланың ішіндегісін толық немесе жартылай құю үшін оны қатты қыса отырып, ерітіндіні құлақ жолына абайлап құйыңыз. Тазартқыш ерітінді құлаққа толық таралуы үшін құлақтың түбін бірнеше секунд абайлап уқалаңыз. Гигиена және жағымсыз иіс кезінде: 8 күн бойы әр 24 сағат сайын қолдану керек. Отиттің (құлақ қабынуының) алдын алу үшін: 5–7 күнде 1 рет. Сыртқы отитті емдеу кезінде: емдік құлаққа арналған тамшыларды тамызғанға дейін, 30 минут бұрын жағып, артық ерітіндіні мақта дискімен сүртіп тастау керек.

Ескертулер: Тек сыртқы қолдануға арналған. Жұтып қоюға жол бермеңіз. Терінің тітіркенуін және көздің қатты тітіркенуін тудырады, қажеттілік болған жағдайда қорғаныс қолғаптары мен көзілдірікті пайдаланыңыз. Теріге тиген жағдайда — сумен жуыңыз; көзге тиген жағдайда, бірнеше минут бойы ағынды сумен шайыңыз. Ерітіндіні қолданғаннан кейін қолды жуу керек. Тек жануарларға арналған. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. 5–30°C температурада сақтау керек.

Шығару формасы:
5 мл-дық18 пластикалық ампула